Өңірде тергелген қылмыстар бойынша келтірілген шығын 9,8 млрд. теңгеге жетті

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда тергелген қылмыстар бойынша келтірілген шығын 9,8 млрд. теңгеге жетті, осының 92,2 пайызы экономика саласындағы қылмыстарға жатады.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өңірде биыл 2695 қылмыс (өткен жылы осы уақытта - 3367) тіркелген. Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 1701 адамды анықтаса, соның 1248-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыс жасағандардың 74,3 пайызы - жұмыссыздар, 11,2 пайызы  - әйелдер, 10,5 пайызы жасөспірімдер болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар