Өңірде шағын кәсіпкерлік нысандары 71,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді

None
None
ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда шағын кәсіпкерлік нысандары 71,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өңірде барлығы 25608 белсенді нысан тіркелсе, оларда 84181 адам жұмыс жасайды. 48 млрд. теңгенің өнімі шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалардың (жалпы саны 1922, 25509 адам еңбек етеді), 14,2 млрд. теңге жеке кәсіпкерлердің (20080, 47451 адам) 9,7 млрд. теңге шаруа қожалықтарының (3606, 11221) үлесінде.

Биылғы қазанның 1-не дейін облыста барлығы 4205 шағын бизнес кәсіпорны тіркелген, бұл өткен жылғыдан 7 пайызға көп.

Соңғы жаңалықтар