Өңірде шағын бизнесті қолдауға 11,6 млрд. теңге бағытталды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында шағын бизнесті қолдауға барлығы 11,6 млрд. теңге бағытталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Серік Шәпкеновтің сөзіне қарағанда, дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында ауыл халқын шағын несиелендіру мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы облыстық бюджеттен 250 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беретін «Батысагросервис» АҚ арқылы бизнес нысандарын қолдауға 650 млн. теңге жұмсалды.

Екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлерге 10,2 млрд. теңге несие берсе, ауылдық несие серіктестіктері - 652 млн., шағын несие ұйымдары 756,7 млн. теңге бөлді. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің несие беру көлемі өткен жылғыдан 26,9 пайызға төмендесе, шағын несие ұйымдарының бюджет есебінен қолдау көрсетуі 35,7 пайызға көбейіп отыр.

Соңғы жаңалықтар