Өңірде өңдеу өнеркәсібінде 51 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді

None
None
Л. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 51 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді, бұл өткен жылғыдан 7,7 пайызға артық,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Соның 16,9 млрд. теңгесі азық-түлік өндірісінің үлесінде, мұндағы өсім 7 пайызды құрайды. Тоғыз айда сондай-ақ 15 млрд. теңгеге кокс, мұнай және ядролық материалдар шығарылды, бұл да 4 пайызға көп. 4,3 млрд. теңгеге металл бұйымдары ( өсім - 43,5 пайыз), 4,5 млрд. теңгеге басқа металл емес минералдық өнімдер (17,1 пайызға көп) өндірілді.

Соңғы жаңалықтар