Өңірде он мыңнан астам ішімдікке тәуелді адам есепте тұрады

None
None
ОРАЛ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансерінде он мыңнан астам ішімдікке тәуелді адам есепте тұрады, соның 1217-сі әйелдер болса, 87-сі - жасөспірімдер, алтауы - балалар.

 Бұл туралы қазанның 29-да Қазақстанда аталып өтілетін ішімдіктен бас тарту күніне орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нарколог дәрігер Асқар Мырзағалиевтің айтуынша, жастар арасында, әсіресе, сыра ішуге бой ұру көбейіп келеді. Аталмыш диспансерде есепте тұрған жасөспірімдердің көбінің ата-аналары - өздері ішімдікке тәуелді адамдар. Тіпті ата-аналық құқығынан айрылғандары да жоқ емес. Облыстағы маскүнемдердің ең жасы 12 жаста екен. Дәрігерлер бұл дерттің алдын алуда отбасынан бастап үкіметтік емес ұйымдардың да үлес қосуы қажеттігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар