Өңірде қылмыс 19,9 пайызға азайды

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 3065 қылмыс тіркелді, бұл өткен жылғы сегіз айдағыдан 19,9 пайызға аз,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Осы мерзімде тергелген қылмыстар бойынша анықталған материалдық шығын 10,4 млрд. теңгені құраса, соның 91,9 пайызы экономика саласындағы қылмыстың үлесіне тиеді. Облыс құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 1948 адамды анықтап, соның 1448-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыс жасағандардың 11 пайызы әйелдер болса, 9,8 пайызы - жасөспірімдер.

Соңғы жаңалықтар