Өңірде қатты желдің салдарынан бүлінген нысандар ретке келтірілуде

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қазанның 25-інде қатты жел тұрып, соның салдарынан аудандарда бірқатар нысандар бүлінген болатын.

Қазталов ауданының әкімі Есентай Қалиевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Жалпақтал ауылындағы К.Меңдәлиев атындағы орта мектеп пен мәдениет үйінің, Қарасу, Бостандық, Тереңкөлдегі орта мектептердің шатырларын жел ұшырып әкеткен еді. Келген шығынның жалпы мөлшері 1 млн. 329,7 мың теңгені құрады. Бүгін таңда зардап шеккен әлеуметтік нысандарды жөндеуге жергілікті бюджеттен 772 мың теңге бөлініп, жұмыс аяқталды.

Сонымен қатар қатты жел Қазталов ауылындағы 8, Жалпақталдағы 14 үйге зардап әкелген еді. Мұндағы шығын 1,2 миллионнан астам теңгені құрап, қазір ол үйлер қалпына келтірілуде.

Соңғы жаңалықтар