Өңірде картоп, ұн, көкөніс арзандады

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қазанда азық-түлік тауарларының бағасы алдыңғы аймен салыстырғанда 0,7 пайызға көтерілді.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, сүт өнімдері - 1,2, балық және теңіз өнімдері - 1,4, күріш - 2,8, қант 15,1 пайызға қымбаттаса, есесіне картоп - 2,6, ұн - 1,2, жеміс-жидек пен көкөніс 0,7 пайызға төмендеді.

Сондай-ақ азық-түліктік емес тауарлар бағасы 0,5 пайызға өсті. Киім мен аяқкиім - 0,4, дәрі-дәрмек - 1,1, бензин 3,2 пайызға артса, цемент 6,6 пайызға арзандады.

Ақылы қызметтің 4,7 пайызға көтерілуі тұрғын үй-коммуналдық қызметтің - 8,4 (соның ішінде жылу - 33,7 пайыз), жергілікті автобус көлігі қатынасының 14,3 пайызға өсуіне байланысты болып отыр.

Соңғы жаңалықтар