Өңірде халыққа қызмет көрсету орталықтары қызмет аясын кеңейте түсті

None
None
ОРАЛ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары қызмет аясын кеңейте түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралға қарасты Деркөл кенттік әкімдігінде жедел топ жұмыс жасай бастады. Мұнда инспекторлар Балжан Данизбаева мен Дәурен Мырзағалиев күн сайын 15-20 адамды қабылдайды. Енді тұрғындар құжат алу, басқа да қызмет үшін қалаға сабылмайтын болды.

Қазталов ауданы Бостандық ауылындағы «Қазпошта» ғимаратында халыққа қызмет көрсету орталығының «бір терезесі» ашылды. Мұнда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу, тіркеуден шығару, қайта тіркеу кітабын беру, АХАЖ қызметі бойынша қайталама куәліктер беру сияқты қызмет түрлері көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар