Өңірде екінші деңгейдегі банктер 87,9 млрд. теңге несие берсе, соның 23,3 пайызы сауда саласының үлесіне тиеді

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында екінші деңгейдегі банктер 87,9 млрд. теңге несие берсе, соның 23,3 пайызы сауда саласының үлесіне тиеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Сондай-ақ несиенің 7,2 пайызы - құрылыс, 6,5 пайызы - өнеркәсіп, 4,1 пайызы ауыл шаруашылығының еншісінде.

Халықтың депозиті 26,7 млрд. теңгені құраса, осының 52,3 пайызы - теңгемен, 47,7 пайызы шетелдік валютамен салынған.

Соңғы жаңалықтар