Өңірде дағдарысқа қарсы бағдарламаға сәйкес Ұлттық қор арқылы 391 жоба бойынша 12,5 млрд. теңге несие берілді

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2008-2009 жылдары дағдарысқа қарсы бағдарламаға сәйкес Ұлттық қор арқылы 391 жоба бойынша 12,5 млрд. теңге несие берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Руслан Сапарғалиевтің сөзіне қарағанда, биыл шағын кәсіпкерлік нысандарына барлық қаржы көздерінен 12,9 млрд. теңге несие берілсе, соның 11,5 млрд. теңгесі екінші деңгейдегі банктердің, 652 млн. теңге ауылдық несие серіктестіктері, 757 млн. теңге шағын несиелеу ұйымдарының үлесінде.

Аса маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. 50 млн. теңге қарастырылса, соның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 250 млн. теңге бөлінді. Күні бүгін аталмыш қор 230,4 млн. теңгеге 70 жобаны несиелендірді. «Орал» шағын несие ұйымы арқылы ауыл кәсіпкерлерін қолдауға 50 млн. теңге бағытталды. Соның нәтижесінде көптеген ауылдарда наубайхана, мия тамырын қайта өңдейтін, шұжық, тігін, кірпіш, ағаш цехтары ашылып, басқа да өндіріс орындары іске қосылуда.

Өңірде биылғы тоғыз айда шағын бизнес саласында 3663 қосымша жұмыс орны ашылса, соның 94-і облыстық бюджет қаржысы есебінен берілген несиелер арқылы жүзеге асты.

Соңғы жаңалықтар