Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру ойластырылуда

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған болжамына сәйкес, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемін 2010 жылы 64,0 млрд. теңгеге жеткізіп, биылғыдан 29,4 пайызға арттыру көзделсе, 2014 жылы сәйкесінше 81,4 млрд. теңгені құрап, 1,7 есеге көбеймек,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Егін алқабы 2009 жылғымен салыстырғанда 2014 жылы 2,7 пайызға қысқарып, 605,2 мың гектарды құрамақ. Сұраныс пен өтімділігіне орай дәнді дақылдарға егіс алқабының 81 пайызы берілмек. Ал бидай - басты дақыл болып қала береді, ол 2014 жылға қарай 65,5 пайыз болмақ. 2014 жылға қарай майлы дақылдар 40 мың гектарға жетсе, картоп пен бау-бақша дақылдары 11,6 мың гектарға дейін егіліп, 27 пайызға өспек.

Дәнді дақылдар өнімі 2014 жылға қарай 666,8 мың тоннаға жетіп, 5,3 есеге артса, майлы дақылдар 24,3 мың тонна немесе 2,3 есеге ұлғаймақ. Картоп 55,3 мың тоннаға дейін немесе 10,4, көкөніс 44,3 мың тоннаға дейін немесе 10,4 пайызға өспек.

Мал шаруашылығы да алға басып, 2014 жылы ірі қара биылғыдан - 7,2, қой мен ешкі - 10,2, жылқы - 9,1, түйе - 4,2, шошқа - 9,4, құс 8,1 пайызға көбеймек.

Соңғы жаңалықтар