Өңірде ана мен бала денсаулығына ерекше назар аудару қажет

None
None
ОРАЛ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ана мен бала денсаулығына ерекше назар аудару қажет. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің төрағалығымен өткен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды,

 

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынның күн тәртібіне шығарылған үш мәселе бойынша сала басшылары хабарлама жасады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу бағытына әйел адамдарды бейімдеп, жұмысқа тарту жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Марат Оңғарбековтың, ана мен балаға медициналық көмек сапасын жақсарту, ана мен бала өлімін азайту турасында облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ғизатолла Ләмовтың және Ақжайық ауданында әйелдер ісі жөніндегі комиссияның атқарған жұмысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Тілек Ғабдушевтің есептері тыңдалды.

Кеңес мүшелері, әсіресе, ана мен бала саулығы мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл тақырыпқа қатысты жасаған хабарламасында Ғ.Ләмов бүгін таңда жүкті әйелдердің денсаулығы күрт нашарлап кеткендігін, соның салдарына олардың 15 пайызы аудан орталықтарында, ал қалған 85 пайызы облыс орталығында босанатындығын тілге тиек етті. Болашақ аналардың бір бөлігі жүктілікке жүрдім-бардым қарайды, өздері дертті бола тұра емделместен бала көтереді. Мұның ақыры кейде қайғылы аяқталып та жатыр. Жеңілденетін уақыты әбден тақалғанша дәрігерге қаралмайтын аналар да бар. Осы мәселені бір жөнге келтіру үшін, яғни жүкті ананың тездетіп есепке тұруы үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы тағайындау - кезек күттірмейтін мәселе.  Сондай-ақ тағы бір жайт - қала маңындағы саяжайларда тіркелместен тұрып жатқан азаматтарды қалалық емханаларға сол тұрғылықты мекенжайлары бойынша бекітуді тездетіп шешу. Өйткені дер уақытында дәрігерге қаралып, ем- домын алған жағдайда ғана адамды кеселден сауықтыруға болады.

Отырыс соңында кеңес мүшелері хабарламаларды қаперге алып, айтылған ұсыныстарды зерделеп-зерттеуге қаулы қабылдады.

Соңғы жаңалықтар