Өңірде 8678 адам жұмысқа орналасты

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 12627 адам өтініш білдірсе, соның 8678-і жұмысқа орналасты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім бастығы Мұнара Қапышеваның айтуынша, өткен жылы осы мерзімде 5046 адам еңбек орнын тапқан болатын. Өңірде биыл тіркелген жұмыссыздар саны - 3340 адам. Сонымен бірге қазір 1765 бос жұмыс орны бар. Бұған қайта даярлықтан өткен мамандарға орналасуға мүмкіндік бар. Биыл 1120 жұмыссыз оқуға жіберілсе, соның 764-і сертификат алды, көпшілігі жаңа мамандығы бойынша жұмыс істеуде.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Тамара Кучкинаның сөзіне қарағанда, Оралда жұмыссыздар саны - 1086 адам ( өткен жылы - 1285 ). Биыл 3708 адам ( өткен жылы - 1641 )  қалада жұмысқа орналасты.

Соңғы жаңалықтар