Өңірде 50,4 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 50,4 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осының 21,7 миллиарды сауда кәсіпорындарының, 28,7 млрд. теңгесі жеке кәсіпкерлердің үлесінде. Өткен жылғы тоғыз аймен салыстырғанда бөлшек сауда айналымы 10,1 пайызға қысқарды. Ал сыртқы сауда айналымы биылғы сегіз айда 1133,5 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылғыдан 37,2 пайызға азайды. Соның ішінде экспорт 463,6 млн. доллар (57,7 пайызға кем), импорт 669,9 млн. долларды (өсім - 5,4 пайыз) құрады.

Соңғы жаңалықтар