Өңірде 31,7 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары орындалды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда 31,7 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары орындалды.


Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 19,3 пайызға артық. Құрылыс жұмыстарының 47 пайызы Бөрлі ауданында, 18,8 пайызы Теректіде, 10,4 пайызы Зеленовта және 19,5 пайызы Орал қаласында тындырылған.

Жыл басынан бері 703 жаңа ғимарат іске қосылса, соның біреуі - ЖОО оқу корпусы, екіншісі - жалпы білім беретін мектеп, 10-ы - пошта байланысының мекенжайы, 53-і - сауда нысандары.

Соңғы жаңалықтар