Өңірде 14572,2 мың тонна жүк тасылды

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 14572,2 мың тонна жүк тасылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осының 14492,2 мыңы автомобиль тасымалының үлесінде болса, 80 мыңы өзен көлігінің еншісінде. Жүк айналымы көлемі 738,0 млн. тонна-шақырымды құрады, бұл өткен жылғыдан 12,3  пайызға кем.

Жолаушылар айналымы 1,8 пайызға артып, 2389,3 млн. жолаушы-шақырымға жетті. Тамыздағы жолаушы айналымы 341,2 млн. жолаушы-шақырымды құрап, өткен жылғы осы айдағыдан 5,9 пайызға өсті.

Соңғы жаңалықтар