Өңіраралық ынтымақтастықтың XV форумында бірқатар құжаттарға қол қойылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумында бірқатар құжаттарға қол қойылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің 2019-2021 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен РФ Экомикалық даму министрі Максим Орешкин екі ел үкіметтері арасындағы өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының 2018-2023 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша іс шаралар жоспарын және өңірлік бастамалар тізбесін бекітті.

Бұдан бөлек, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен РФ Экономикалық даму министрлігі «Қазақстан-Ресей  шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын дайындау және іске асыру ниеті туралы» меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, екі ел арасында «Туризм саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы» меморандум бекітілді.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен «Роскосмос» Ғарыштық қызметі бойынша мемлекеттік корпорацияның Бас директоры Дмитрий Рогозин «1994 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Байқоңыр кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы» хаттамаға қол қойды.

Мұнымен қоса, ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Қазақстанның және Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының «Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы» келісімге өзгерістер мен  толықтырулар енгізі жөніндегі хаттама бекітілді.

Соңғы жаңалықтар