«Өнімділік - 2020» бизнесті қолдау бағдарламасы 15 сәуірде іске қосылады

None
None
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Өнімділік - 2020» бизнесті қолдау бағдарламасы 15 сәуірде іске қосылады.

Бұл туралы бүгін Астанадағы ІІ тау-кен өнеркәсіптік форумы және ЭКСПО «Майнекс Орталық Азия - 2011» шарасында Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағдарламада қолдау көрсетудің бірқатар тетіктері, инновациялық гранттар қарастырылған. Атап айтқанда, шетелдік инженерлік-техникалық жоғары білікті кадрларды тартудағы шығындардың орнын толтыру, жобалық инженерлік ұйымдар, ұзақ мерзімді өнеркәсіптік жабдықтарға лизинг беру секілді жеңілдіктер қаралған.

Вице-премьердің айтуынша, аталған бағдарламаның биылғы ілкі жылында 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Бұл бағдарлама «Бизнестің жол картасы - 2020», экспорттаушыларды қолдау бағдарламасы, инвесторларды тарту бағдарламасы, кәсіпорындарды сауықтыру бағдарламасы секілді қазіргі кездегі қолданыстағы кешенді бағдарламаларды түйіндейтін болады. Жалпы алғанда, бүгінде мемлекет индустриялық-инновациялық саясаттың аясында бизнесті қолдаудың 100-ге жуық тетіктерін ұсынбақ.

Соңғы жаңалықтар