Өнімдердің импортын алмастыратын жобаларға екпін қойылады - Айдар Әріпханов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат – Өнімдердің импортын алмастыру аясындағы жобаларға ерекше назар аударылады. Бұл туралы Үкімет отырысында агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды талқылау кезінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Холдингтің қаржылық қолдауымен жалпы құны 62 млрд теңге болатын 56 жоба пайдалануға берілді, бұл ретте 1695 тұрақты және 204 уақытша жұмыс орны құрылды. Қант, құс еті, алма, сүт және балық өнімдерін өндіру сияқты бағыттардағы өнімдердің импортын алмастыру аясындағы жобаларға ерекше назар аударылады. Осы жылы Холдинг 92 млрд теңге қаржыландыру көлемімен импортты алмастыру бойынша 5 инвестициялық жобаны қаржыландыруға мақұлдады. Холдинг осы бағытта қолдау көлемін арттыруды жалғастырады. Еншілес компаниялардың қарауында 21 млрд теңгеге 16 жоба бар», - деді Айдар Әріпханов.

Сонымен қатар ол агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асырылатын холдингтің ірі инвестициялық жобалары туралы айтты.

«Қазіргі уақытта, қуаттылығы жылына 150 мың тонна QAZSUGAR қант зауытын салу, өндірістік қуаты тірі салмақта 30 мың тонна құс етін өндіретін Макинск құс фабрикасының үшінші кезегі, сондай-ақ басқа да ірі жобалар жалғасады», - деді басқарма төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Айдар Әріпханов агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды қаржыландыру бағыты туралы баяндады.



Соңғы жаңалықтар