+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

OneWeb спутнигі 2020 жылдың басында Байқоңырдан ұшырылады

2019 жылғы 29 қараша 13:59
Бөлісіңіз:
OneWeb спутнигі 2020 жылдың басында Байқоңырдан ұшырылады

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр ғарыш айлағында 2020 жылғы ұшырылымға дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа рекордшы ғарышкер әйелдің есімі белгілі болды Қасым-Жомарт Тоқаев: Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау үшін ғарыштық мониторингілеуді қолдану қажет Байқоңырда «Прогресс МС-13» жүк кемесі ұшу кешеніне қойылды

Байқоңырда «Фрегат М» үдемелі блоктары бар контейнерлер әуе рейсімен жеткізілді. Ондағы «Союз-2» зымыран-тасығышын OneWeb британиялық спутниктік жүйесінің ғарыш құрылғысымен орбитаға шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Роскосмос баспасөз қызметінен.

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы 2015 жылдың маусымында Arianespace және OneWeb компанияларымен келісімге қол қойды. Оның нәтижесінде «Фрегат» тобындағы үдемелі блоктары бар «Союз-2» зымыран-тасығыштары Байқоңыр ғарыш айлағынан, Восточный және Гвиан ғарыш орталықтарынан OneWeb ғарыш жүйесінің 573 байланыс спутнигін 21 рет ұшырады.

Жерді толық қамтитын OneWeb коммуникациялық спутниктерінің орбиталық тобы әлемдегі барша қолданушыларға Интернет желілерін қолжетімді етуге мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшырылым кестесіне сәйкес, OneWeb спутниктерін Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет ұшыру 2020 жылы қаңтар айының соңына жоспарланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ғарыш, Байқоңыр,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT