«Өнерлі отбасы» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Ақмола облысында отбасылар арасында өткен  «Өнерлі отбасы» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі бірлесіп  ұйымдастырған шараға Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Зеренді және Бурабай аудандарынан келген достығы берік, шығармашыл отбасылар қатысты.

Әр отбасы өздерін есте қаларлықтай етіп, өте ерекше таныстырды. Бірі өз отбасы жайлы бейнебаян және видеоролик даярласа, енді бірі отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер туралы көркем тілмен айтып берді.

Басты ерекшелік - бір үлкен әулетте  өмір сүретін бірнеше буын өкілдерінің барлығы қатысуы болды.

Байқауға Ақмола өңірінің шынайы патриоттары Мейрамбек пен Зере Қиықовтар, дәстүрлі қазақ әндерінің орындаушысы Кенжебай Мұқышев, Достық үйінің вокалды ансамбль ұжымының жетекшісі Ираида Пермякова және қалалық «Көкшетау» газетінің тілшісі Гәкку Сәтпаева қазылық етті.

null  

Байқау нәтижесінде «Жасампаз отбасы» аталымы бойынша Көкшетау қаласындағы Сыздықовтар отбасы, «Берекелі отбасы» аталымы бойынша көкшетаулық Ибраевтар отбасы, «Бірлігі жарасқан отбасы» аталымы бойынша Краснояр ауылында  тұратын Жамилахын отбасы, ал «Өнегелі отбасы» аталымына зеренділік Ұлатай отбасы лайық деп танылды.

Қазылар алқасының шешімімен «Өнерлі отбасы» аталымына Бурабай ауданынан келген Жақыповтар отбасы ие болды.

«Қоғамдық келісім» КММ мәдени-бұқара бөлімінің басшысы, отбасылар арасындағы шағын фестивальдің мәдени бағдарламасының авторы және режиссері Найля Сейдалина, аталмыш шараға қатысқан жас өнерпаздарды дайындау ісіне ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенованың қосқан зор үлесін атап өтті.

Шығармашыл отбасылардың орындауындағы ән мен би, ата-ана мен баланың бірігіп оқыған өлеңдері - бұның барлығы кештің көңілді, мәнді де мағыналы өтуіне негіз болды.

null null 

Соңғы жаңалықтар