Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияға қандай құзірет беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Жаңадан құрылатын өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияға бірқатар құзірет берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірқатар құзыретке ие болады. Атап айтқанда, жаңа ынталандыру шараларын енгізу, қолданыстағы ынталандыру шараларын қайта қарау және жою туралы Үкіметке ұсыныстар қалыптастыру міндеті қарастырылған. Сонымен қатар ол комиссия индустриялық саясат бойынша халықаралық ұйымдарда келіссөздерді қоса алғанда, Үкіметтің позициясын дайындайды. Өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ өнеркәсіптік саясатты іске асыру туралы есептерді тыңдайды», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Сенатта өтіп жатқан «ҚР өнеркәсіптік саясатты заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Сондай-ақ комиссия институционалдық қолдау шеңберінде заң жобасы Өнеркәсіпті дамыту қорын мен «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйені құру мен жүзеге асыру мәселелерін реттейді.

Айта кетсек Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылатынын мәлім еткен еді. Оның мүшелері мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қоғам қайраткерлері, депутаттар және басқа да мүдделі тұлғалар болады.


Соңғы жаңалықтар