+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады

2021 жылғы 26 ақпан 11:10
Бөлісіңіз:
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңа тәсілдері әзірленді Қазақстанда Өнеркәсіптің жай-күйі туралы ұлттық баяндама әзірленеді Мәжілісте өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жаңа заң жобасы таныстырылды

«Өнеркәсіптік саясат мәні бойынша өндірістік нарықтың барлық қатысушыларының бірдей жағдай жасалуы керек. Заң жобасында экономикалық, әкімшілік, құқықтық, институционалдық және басқа жағдайларды қамтитын өнеркәсіптік климат ұғымын енгіземіз. Өнеркәсіптік климаттың жай-күйін бақылауды Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі жүзеге асырады. Оның нәтижелері болашақ кезеңдерге арналған өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру кезінде ескеріледі. Осы мониторинг негізінде басқару шешімдері қабылданып, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі бағаланады», - деді Бейбіт Атамқұлов Сенатта өтіп жатқан «ҚР өнеркәсіптік саясатты заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Өнеркәсіптік саясатты және мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру үшін бірінші кезекте өндірісте сауда қызметі реттеліп, инвестиция тартылып, инновацияларды дамыту арқылы өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың тиімді ведомствоаралық үйлестіруін қамтамасыз етуден тұратын институционалдық базаны шоғырландыру қажет.

«Бүгінгі таңда өндіріске қатысты функциялар әртүрлі ведомствалар арасында бөлінген. Индустриялық даму үшін Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің, сауда саясаты және экономикалық интеграция – Сауда және интеграция министрлігінің, инновациялық даму Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, шетелдік инвестицияларды тарту Сыртқы істер министрлігінің міндетінде. Өнеркәсіптік саясатты үйлестіруді қамтамасыз ету үшін негізгі заң жобасында Премьер-Министрдің орынбасары басқаратын Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру қарастырылған. Ал оның мүшелері мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қоғам қайраткерлері, депутаттар және басқа да мүдделі тұлғалар болады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT