Өнеркәсіптік саясат аясында бизнесті ынталандырудың қадамдары қолжетімді болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өнеркәсіптік саясат аясында бизнес үшін ынталандырудың 20-ға жуық іс-шаралары қолжетімді болады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын бірінші оқылымда қарау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасының басты жаңалығы - мемлекеттік ынталандыру жаңа шараларын және инфрақұрылымның элементтерін бекіту бойынша Үкіметтің құзыретін енгізу. Бұл мемлекеттік аппаратқа икемділік пен жылдамдықты береді және бизнес үшін қажетті маңызды шешімдерді уақытылы қабылдауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік ынталандыру өңдеуші өнеркәсіптің тиімді кәсіпорындарына бағытталатын болады. Бұл үшін Басым тауарлар тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша уәкілетті органның құзыреті көзделген (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі)», - деді Б. Атамқұлов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда қосылған құны жоғары 4 мыңнан астам тауар іріктелінді. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру іс-шаралары тізбедегі тауарларды өндірушілерге ғана көрсетілмек. Көрсетілетін мемлекеттік ынталандыру іс-шараларының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өндіріс көрсеткіштерін арттыру жөніндегі талаптарды көздейтін қарсы міндеттемелер енгізіледі.

«Біз осы міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргіземіз және кәсіпорын оларды орындамаған жағдайда ережеге сәйкес бюджет қаражатын қайтаруы тиіс. Бұдан басқа, бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім жасау арқылы кәсіпорындарға ынталандыру іс-шараларының кешенді түрін алу мүмкіндігі көзделген. Келісім кәсіпорындарға өндірістік қызметті орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге жоспарлауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік ынталандыру іс-шараларының барлық тізімі заң жобасын әзірлеу барысында да қайта қаралды. Өнімді технологиялық жаңғыртуға және ілгерілетуге бағытталған жаңа қадамдар енгізілді. Жалпы алғанда, бизнес үшін ынталандырудың 20-ға жуық іс-шаралары қолжетімді болады. Кәсіпорындардың сұрауы бойынша ынталандырудың жаңа әдісі – өнеркәсіптік грант әзірленді. Өнеркәсіптік грант бірлесіп қаржыландыру жолымен өндірісті жаңғыртуға берілетін болады», - деді министр.

Жаңа қадам кәсіпорындарды технологиялық қайта жарақтандыруды қамтамасыз етеді және шығарылатын өнімнің сапасын арттырады.


Соңғы жаңалықтар