Өнеркәсіптік революция ресурстарды тиімді пайдаланудан басталады - Серік Сейдуманов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Серік Сейдуманов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы әр міндетті технологиялық даму тұрғысынан талдап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық қалаулысы өндірістік революциялардың технологиялық төңкерістер туындатып қана қоймай, адам өмірінің салтына дейін өзгертетінін айтты.

«Елбасы Жолдауында төртінші өндірістік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер айтылған. Мемлекет басшысы белгілеген әр міндет маңызды. Индустрияландыру технологиялардың дамуымен тікелей байланысты. Агроөндірістік кешен - ақылды технологияларға тәуелді. Құрылыс саласын да технологиясыз дамыту мүмкін емес. Біз қазір төртінші революцияның жемісі Қазақстанда біртіндеп енгізіліп жатқанын көре аламыз. Президент осы технологиялардың трансфертін маңызды міндеттер қатарына қосты. Осының арқасында біздер елдің ресурстық мүмкіндігін тиімді пайдаланатын боламыз», - деді Серік Сейдуманов.

Сонымен қатар, депутат технологияны енгізу процесі басқа да Жолдауда көрсетілген өзге де міндеттер жүзеге аспайынша мүмкін еместігін айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, адами капиталды дамыту, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, адам капиталына баса назар аудару, қолжетімді баспана салу сияқты мәселелер бұрынғы жолдаулардан да көрініс тапқан. Алайда жаңа Жолдауда жаңа уақыт талабына сай міндеттер қойылған.

«ЭКСПО нәтижесінде біз 106 жобаны енгізуіміз керек. Бұл жаңа орта. Әзірге біз қоқысты қайта өңдеп жатқан жоқпыз. Біз бұған экономикалық тұрғыдан тиімділік болған кезде кірісеміз. Ауыл шаруашылығындағы ақылды технологияларға келсек, біздің елде ГМО-сыз таза өнім өндіруге мүмкіндік көп. Сонымен қатар, технологияларды енгізу арқылы өндіріс көлемін арттырып, осы өнімдердің белгілі экспортері атана аламыз. Революция деген толыққанды өзгеріс дегенді білдірсе керек. Президент өз Жолдауларында мемлекеттік басқару органдарына нақты мемлекеттік бағдарламалар жасап, заңдарды жаңартуға түрткі болады», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар