Өнеркәсіптік өндіріс пен ауыл шаруашылығы салаларының есебінен ІЖӨ көлемі былтырға қарағанда артық болады - ҚР Статистика агенттігі

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өнеркәсіптік өндіріс пен ауыл шаруашылығы салаларының есебінен ІЖӨ көлемі былтырға қарағанда артық болады. Бұл туралы бүгін Астанада 11 айдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, ІЖӨ-нің өсімі биылғы жылы бірінші кезекте өнеркәсіптік өндірістің есебінен жоғарыламақ. «Шілде айынан бастап өнеркәсіптің бір айдағы орташа өсімінің қарқыны  5 пайызды құрайды. Атап айтқанда, бұл көрсеткіш мұнай өндіру есебінен, сондай-ақ тау-кен өндіру саласы көтеріліп келеді»,-деді ол.

 Мұнымен қоса, ол өңдеуші өнеркәсіптің төмендеуі қазіргі кезде бәсеңдеп келе жатқанын айтып өтті.

«Жалпы 11 айдың ішінде өнеркәсіптік салада өсім 100,7 пайызға тең. Яғни,  осы желтоқсан айында бұл  көрсеткіштер жоғарылайды деген ойдамыз»,-деді Агенттік төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен бірге 11 айда ауыл шаруашылығы саласында өсім 10,6 пайызға жетіп отыр. Жалпы жылдың көрсеткіші бойынша өсім 11 пайыздан асып түсуі мүмкін.

 «Сондықтан негізгі екі саланың арқасында Ішкі жалпы өнімнің көлемі былтырға қарағанда артық болады деген ойдамыз»,- деді Ә. Смайылов.

Соңғы жаңалықтар