Өнеркәсіпті қолдауға бөлінетін қаражат бір қорға біріктіріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Өнеркәсіптік саясат туралы» туралы Заң аясында Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады. Бұл қор саланы қолдауға бағытталған барлық қаражат көздерін бір ортаға біріктіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Лаура Садыкова келешекте өнеркәсіптік саясат қалай өзгеретін туралы толыққанды мәлімет берді.

Оның айтуынша, «Өнеркәсіптік саясат туралы» туралы Заң аясында жаңа екі құрылым пайда болмақ. Оның бірі – Өнеркәсіпті дамыту қоры.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша оператор болады. Қордық қаражаты мемлекеттік бюджет себеінен де, өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерінен де, мемлекеттік емес және меншікті қаражат есебінен де қалыптасады», - деді Лаура Садықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Аталмың заңның қазіргі жобасы Өнеркәсіп ақпараттық жүйе құруды да көздейді. Министрлік өкілі оның да не үшін қажет екенін түсіндірді.

«Өнеркәсіп салаларының жай-күйін, олардың даму болжамы мен мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпаратты осы жүйе бір арнаға түсіреді. Отандық тауар өндірушілерді өндірілген өнімнің жаңа, неғұрлым күрделі бөлініске ауысуға ынталандыру үшін орта және жоғарғы басымдыққа ие тауарлардың тізбесі жасалды. Бүгінде ол тізім 4 мыңнан астам тауардан тұрады. Барлық операторлар өндірістік кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру кезінде осы тізімді басшылыққа алуы керек», - деді Лаура Садықова.


Соңғы жаңалықтар