Өнеркәсіпті экспортқа бағыттау іс-шаралары аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде өнеркәсіпті экспортқа бағыттау іс-шаралары заңмен белгіленеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында «Өнеркәсіптік саясат туралы» жаңа заң жобасын таныстыра келе, өткізу нарығындағы ілгерілету өнеркәсіптің даму серпінін қамтамасыз ету жолында өнеркәсіп векторының экспортқа бағдарлануына және ұлттық экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуіне бағытталғанын айтты.

«Өнеркәсіптің экспортқа бағытталуы келесі іс-шаралармен қамтамасыз етіледі. Атап айтсақ: кәсіпорындарды шетелде қолдау, сервистік қолдау және сыртқы нарықтағы кедергілерді жою. Ұлттық экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуіне сатып алудағы ұлттық стандарттар, кепілдендірілген сатып алу, Мемлекеттік сатып алудағы ұлттық режимнен босату тәрізді шаралар арқылы қол жеткізіледі»,- деді Аманияз Ержанов.

Оның атап өтуінше, кепілдендірілген сатып алу мәселелері жұмыс тобының отырыстарында белсенді түрде талқылануда.

«Сондай-ақ, жақында қол қойылған «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Заңды ескере отырып, пысықталуы қажет офтейк және офсет келісімшарттары бойынша ұғымдар мен нормаларды қосу ұсынылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар