«Өнеркәсіпті дамыту қоры» Мақсат туралы мемдерге пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның IT-департамент басшысы Сәкен Сәбиев жеңілдетілген автонесие өтінімін алғашқылардың бірі болып тіркеп, әлеуметтік желідегі мемдердің кейіпкеріне айналған Мақсат есімді азамат туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Желіде Мақсат есімді азаматтың автонесиеге өтінімді сағат 7.00-де беріп үлгергені туралы мәліметтер шығып жатыр. Бұл мүмкін бе?» - деп сұрады журналист.

Сәкен Сәбиевтің айтуынша, ол азамттың сағат 7.00-де кезекке тұрып үлгергені шындыққа жанаспайды.

«Мақсат есімді азаматтың лимит кезегіне сәтті тіркелгенін растаймыз. Бірақ сағат 7.00-де емес. Мен оның өтінімін өзі немесе бөгде біреу басқа бір тәсілмен редакциялады ма, ол жағын білмеймін. Ол өтінім сағат 10.00, 36 долисекундта берілді. Қалай болса да, сағат 7.00-де емес. Оны дәлелдейтін скриндер қолымызда бар», - деді деді ол.


Соңғы жаңалықтар