Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2009 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 10,4 пайызға артты

None
None
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылғы қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қазіргі қолданыстағы бағаларда 1699,6 млрд. теңгені құрады.

Бұл көрсеткіш 2009 жылдың осы кезеңіне қарағанда 10,4 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 6,4 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 18,5 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны тазалауда 6 пайызға, сондай-ақ сумен жабдықтауда 13,3 пайызға өндіріс өсімі байқалды.

Соңғы жаңалықтар