«Өнер қырандарының» Алматыда өтетін концертіне қатысты шу шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Желіде 24-25 желтоқсанында Республика сарайында «Өнер қырандары – Харекет қорына 5 жыл» іс-шарасын өткізу туралы жалған ақпарат таратуда. Бұл туралы «Алматы әуендері» хабарлады.
«Ұйымдастырушымен аталған іс-шараны өткізуге шарт жасалмаған. Сонымен қатар аталған күндері Республика сарайында «Жаңа жылдық шоу» өткізу жоспарланған. Осыған қарамастан «Харекет» қайырымдылық қоры» ҚҚ және «Өнер қырандары» театрының өкілдері іс-шараны өткізу туралы жалған ақпарат таратуды жалғастыруда, сондай-ақ билеттерді Kassir.kz арқылы сатқан. Тиісті құқық органдарының тексеруімен аталған шараның өту күні жалған екені анықталды»,- делінген хабарламада.

Сондықтан 24- 25 желтоқсанда өтетін «Өнер қырандары – Харекет қорына 5 жыл» концертіне сатыылған барлық билеттің күші жойылды. Билет ақшасы kassir.kz сайтында белгіленген ереже бойынша қайтарылмақ.


Соңғы жаңалықтар