«Өнер барысы»: Жеңіл салмақта қола медальды Абай Аязбаев жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Өнер барысы" республикалық турнирінің қола жүлдесін жеңіл салмақта Абай Аязбаев жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өнер тарландары арасындағы жеңіл салмақтағы үшінші орын үшін белдесу "Жайдарман" ойыншылары Абай Аязбаев пен Хамит Ердехан арасында өтті. Алғашқы минуттардан-ақ Хамит қарсыласы Абайды тықсыра келе әдіс жасап, жартылай жеңіске жеткен еді. Бірақ, Абай да көп күттірген жоқ. Оңтайлы сәтте қарсыласын алып ұрып, еншісіне жартылай жеңіс жаздырды. Осыдан кейін Хамит бүк ұпайына қол жеткізе алғанымен, Абай тағы бір жартылай жеңіспен турнирдің қола медалін еншіледі.

Айта кетейік, "Өнер барысы" республикалық турнирінің қола жүлдесі ауыр салмақта Еркебұлан Дайыровқа бұйырғанын хабаралған едік.

Естеріңізге сала ктесек,«Өнер Барысы» республикалық турнирі елордадағы "Дәулет" спорт кешешінде өтіп жатыр. Турнирге жиырмаға жуық палуан қатысты. Олардың ішінде бірде-бір кәсіпқой спортшы жоқ. Барлығы да Қазақстан халқы жақсы танитын әртістер мен музыканттар, әншілер, айтыскерлер, актерлер, КТА-ға қатысушылар. Олардың қатарында Қайрат Нұртас, Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Мейіржан Төребаев, Амангелді Өтешов, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Нұрлан Мұсаев, Еркебұлан Дайыров, Әлібек Серғалиев, Нұрболат Абдуллин сынды өнерпаздар бар.

Соңғы жаңалықтар