«Өнер барысы»: Ауыр салмақта үшінші орынды Еркебұлан Дайыров еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Өнер барысы" республикалық турнирінің қола жүлдесі ауыр салмақта Еркебұлан Дайыровқа бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үшінші орын үшін белдесу кино және театр актері, Қазақстан Жастар одағының "Серпер" сыйлығының лауреаты Еркебұлан Дайыров пен Қазақстанның театр, кино және дубляж актері Азамат Шарғын арасында өтті. Боз кілемде оңтайлы сәтте жамбас ұпайын алған Азамат қарсыласы Еркебұланнан басым түсті.

Айта кетейік, «Өнер Барысы» республикалық турнирі елордадағы "Дәулет" спорт кешешінде өтіп жатыр. Турнирге жиырмаға жуық палуан қатысты. Олардың ішінде бірде-бір кәсіпқой спортшы жоқ. Барлығы да Қазақстан халқы жақсы танитын әртістер мен музыканттар, әншілер, айтыскерлер, актерлер, КТА-ға қатысушылар. Олардың қатарында Қайрат Нұртас, Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Мейіржан Төребаев, Амангелді Өтешов, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Нұрлан Мұсаев, Еркебұлан Дайыров, Әлібек Серғалиев, Нұрболат Абдуллин сынды өнерпаздар бар.

Соңғы жаңалықтар