+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Өнер адамдары қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды

2021 жылғы 12 маусым 11:23
Бөлісіңіз:
Өнер адамдары қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері отандастарын COVID-19 екпесін алуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: АҚШ-тың екі зообағында жануарларға вакцина сала бастады Қор нарығында теңге бағамы нығайды Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды

Олардың пікірінше, жаппай вакциналау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана пандемияны жеңеміз.

Өнер иелері вакцинадан кейін өздерін жақсы сезінетіндерін айтты.

«Біз қазір вакцинаның арқасында коронавирустан қорғануға болатынын білеміз. Мен барлық қала тұрғындарын вакцина алуға шақырамын. Мысалы, Израильде халықтың 95%-ы вакцина алды. Қазір бұл ел бетпердесіз жүр. Неге біз олардан үлгі алмаймыз. Мен адамдардың шаршағанын көремін. Егер біз бәріміз вакцина алатын болсақ, онда ол аяқталады», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мұқасан Шахзадаев.

Қарагөз Сүлейменованың айтуынша, вакцина – қатерлі індетті жоюдың жалғыз жолы.

« Індет кезінде көптеген адам қайтыс болды. Дәрі-дәрмектер жеткіліксіз болды. Ал қазір бізде өз вакцинамыз бар, сондай-ақ таңдау үшін бірнеше тиімді түрлері шықты. Вакцина – қатерлі індетті жоюдың жалғыз жолы», – деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова.

Вакцина алғандардың арасында Роза Рымбаева, Жан Байжанов, Ермахан Ибрагимов, Ольга Шишигина, Мүслім Жылқыбаев, Ризат Махашев, Лев Черепанов, Әли Оқапов, Баян Алагөзова, Диас Аблаев, Ержан Мұхатаев және тағы басқалары бар.

Еске салсақ, тұрғындар вакцинаны кез келген пункттен ала алады. Қала бойынша 211 екпе пункті бар. Олар емханаларда, сауда орталықтарында, базарларда, мектептерде, мәдениет нысандарында орналасқан және күн сайын демалыссыз таңғы 8-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Жалпы, Алматыда вакцина алған қала тұрғындарының саны 329 мыңнан асты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT