«Өнегелі өмір»: Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жарыққа шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақ университеті» баспасы Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кітапты жарыққа шығарды. Жаңа басылым соңғы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығарып келе жатқан белгілі «Өнегелі өмір» атты кітаптар сериясының арнайы шығарылымы болып табылады.

Кітапта Президенттің өмірі мен қызметіне қатысты автобиографиялық материалдардан бөлек «өзін-өзі сақтай білген халық - талантты халық» деп аталатын бөлімде Президенттің тарихи-танымдық және рухани-мәдени құндылыққа ие шығармалары, Мемлекет басшысының дәрістері мен жастар форумдарында сөйлеген сөздері, тәуелсіздіктің қалыптасуы мен жас ұрпақтың болашағы туралы ойлары топтастырылған.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, атақты отандық және шетелдік ғалымдардың, Елбасы замандастарының әлемдік деңгейдегі саясаткер және стратег ретіндегі ол туралы жарияланымдары шығарылымның құндылығын байыта түскен. Кітапқа құнды мәліметтер, қызықты архив құжаттары мен әр жылдардағы суреттер енгізілген.

Басылым барша оқырман қауымға, әсіресе, Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмірлік жолын үлгі етер жастарға арналған.

Соңғы жаңалықтар