+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Өндірістік нысанда апаттарды тергеп-тексерудің бірыңғай тәртібі белгіленеді

2019 жылғы 7 қараша 12:24
Бөлісіңіз:
Өндірістік нысанда апаттарды тергеп-тексерудің бірыңғай тәртібі белгіленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өндірістік нысанда апаттарды тергеп-тексерудің бірыңғай тәртібі белгіленеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержан Аманиязов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестацияланған ұйымдардың және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйымдардың қызметін реттеу үшін заң жобасында осы ұйымдарға прафилактикалық қадағалауды жүзеге асыру және оны жүргізу тәртібін белгілеу көзделеді. Мұнан басқа қауіпті өндірістік нысандарда тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу сияқты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби апаттық-құтқару қызметінің негізгі белгілерін регламенттеу және оларға қойылатын талаптарды белгілеу ұсынылады», - деді Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған вице-министр.

Ержан Аманиязовтың айтуынша, құқықтық бос кеңiстiктi жою үшін заң жобасымен қауіпті өндірістік нысандарында жұмыс жүргізудің ерекшеліктері мен өзгешелігін егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу және бекіту жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға құзырет беру көзделеді. Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырады.

«Қауіпті өндірістік нысанда апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілеу үшін апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның өкілеттіктерін, оларды құру тәртібін, тергеп-тексерулер жүргізілгеннен кейін ұйымдардың нәтижелері мен іс-қимылдарын ресімдеуді нақтылау ұсынылады», - деді Е.Аманиязов.

Вице-министрдің атап өтуінше, заң жобасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жоюға бағытталған.

«Заң жобасы қабылданған жағдайда мынадай оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар болжанады: қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен азаматтардың қорғалу деңгейін арттыру; қауіпті өндірістік объектілердегі жарақаттану деңгейін төмендету; апат нәтижесінде үшінші тұлғаларға зиян келтіру ықтималдығын төмендету. Бұл түзетулер қауіпті өндірістік ныснадарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Заң жобасы қабылданған жағдайда теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар болжанбайды. Осы заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді», - деді Ержан Аманиязов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Заң, Қауіпсіздік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT