Өндірісті жаңғырту жобаларына грант берілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ДСҰ шарты бойынша өндірістің жергілікті қамтуды дамыту шараларын қайта форматтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге белгілі, биылдан бастап біз Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттарына байланысты жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмысты қайта форматтауымыз керек. Осыған байланысты «ел ішіндегі құндылық» деген жаңа ұғым енгізіледі», - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің департамент директоры Лаура Садыкова.

Ведомство өкілі өнеркәсіп саласындағы сатып алуларда ұлттық стандарттардың қолданылуын мониторингтеу арқылы ішкі сұранысты қамтамасыз ету жүйесі жасалатынын атап өтті.

«Шикізатты қайта өңдеуді тереңдету үшін Қазақстан аумағында өндірілмейтін шикізат пен жинақтауыштарды баждан босатуды көздейтін Стратегиялық өнім тізбесін енгізу көзделіп отыр. Жабдықтарды жаңғырту және шығындарды бірлесіп қаржыландыру арқылы жаңа өндіріс құру мақсатында өнеркәсіптік грантты бекіту көзделген. Бұл да ынталандырудың жаңа құралы», - деді Лаура Садықова.


Соңғы жаңалықтар