Өндірістегі адам өліміне жауапкершілік басшыға жүктелуі тиіс – депутат шахтадағы апат жайында

None
Фото: leninsk-kuz.ru
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Альберт Рау 5 адам қаза тапқан Шахтинск шахтасындағы қайғылы жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайлар министрлігінде «Арселордың» («АрселорМиттал Теміртау») бірінші басшысы емтихан тапсыруға міндетті. Мына жайттан кейін одан емтихан алудың қажеті жоқ. Сонда ол ертең жұмыс істемейтін болады. Бұған қоса, қылмыстық және өзге де жауапкершілік бар. Мұнан өзге жолды көріп тұрғаным жоқ. Шындығында, бұл басшылықтың жауапкершілігі», - деді ол «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде.

Сонымен қатар депутат еңбек қауіпсіздігіне жағдай жасау барысын қаржыландыру және инвестициялау мәселесі де проблемалы екенін баса айтты.

«Әр уақытта жаңғыртуға 3 млрд доллар салынатынын айтады. Содан соң үзілістен кейін 10 жылға дейді. Демек, жылына 300 млн доллардан болғаны ма? Бірақ, бұл онсыз да жоспарлы, олар жүзеге асыруға тиіс салым ғой», - деді Мәжіліс депутаты.

Оның атап өтуінше, белгілі бір кезеңде заңнамадан өндіріс салдарынан адам қаза табатын болса, онда жұмыс беруші 10 жылдық жалақыны төлеуі тиістігі туралы норма заңнамадан алынып тасталған.

«Бүгінде «Арселор» мұны солай жасайды. Алайда, 10 жылдық жалақы аз. Егер біз адам өмірін осындай арсыздықпен бағаласақ, онда олар үшін адам өлімі экономикалық тұрғыда тиімсіз болатындай жасауымыз керек», - деді ол.

Альберт Рау қайғылы жайтқа «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісінде адам өліміне жол берілмейтіні туралы үнемі уәде алып келген Қазақстан Үкіметінің де белгілі бір деңгейде кінәсі бар екенін алға тартады.

«Біз олардың жетегіне еріп отырғанымыз жоқ. Дегенмен, оларға сеніп, экологияны жақсартамыз деген уәдесін аламыз. Әр уақытта карта жазылады. Ал қалада, комбинатта демалатын ауа жоқ. Ертең болады деу бірінші мәрте осылай жылдарға созылып отырған жоқ», - деді Альберт Рау.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болып, салдарынан 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысының әкімдігі Ленин атындағы шахтада қаза болғандардың тізімін жариялады.



Фото: leninsk-kuz.ru







Соңғы жаңалықтар