+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Өндіріс қуаттылығы 174 мың тонналық 12 құс фабрикасы іске қосылады

2020 жылғы 26 мамыр 12:26
Бөлісіңіз:
Өндіріс қуаттылығы 174 мың тонналық 12 құс фабрикасы іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 12 бройлерлік құс фабрикасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дүниежүзілік банк Қазақстанға мал шаруашылығын дамытуға $500 млн беруге шешім қабылдады Қарағандыда ферма жылқы алуға берілген 26 млн теңгені басқа нәрсеге жұмсаған Қазақстанда күніне 800 тоннадан астам құс еті өндіріледі

«Министрлікпен негізгі егін салатын өңірлерге талдау жасалып, жалпы 4 млн гектер егістік алқабы бар 270 шаруашылық мал шаруашылығымен айналыспайтыны аңықталды. Бұл әлеуетті пайдалану қажет, себебі оларда мал шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру кезінде азық өндіру тәжірибелері бар. Әкімдіктерге жыл бойына жұмыскерлерді жұмыспен қамту үшін оларды мал шаруашылығы секторына тарту бойынша жұмыстарды жүргізу керек», - деп тоқталды С. Омаров.

Бұдан бөлек министр құс шаруашылығы саласын дамытуға тоқталды.

«Құс етін өндіруде былтырғы жылы 1 жаңа құс фабрикасын және 5 жобаны жаңғырту арқылы құс етінің өндірісінде 14 пайыз (223 мың тоннаға дейін) өсім қамтамасыз етіліп отыр. Дегенмен импорт үлесі 45 пайызды құрайды. Бұл ретте құс етін өндіру бойынша жаңа қосымша өндіріс қуаттарын іске қосу арқылы импорт алмастыру шаралары жалғасатын болады. Орташа мерзімдегі перспективада өндіріс қуаттылығы 174 мың тоннаны құрайтын 12 бройлерлік құс фабрикасын жүзеге асыру жоспарлануда», - деді ол.

С. Омаровтың сөзіне қарағанда, осы шаралар есебінен және құс фабрикаларының қуаттылығын толық жүктеу арқылы құс етінің өндірісі 2,2 есе өсетін болады. Бастапқы инвестициялар 110 млрд теңгені құрайды және 4,7 мың жұмыс орыны қамтамасыз етіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT