Өңдеуші өнеркәсіп өнімдері мемлекеттік мекемелер тарапынан айтарлықтай сұранысқа ие

None
None
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат/Айнұр Кенебаева/ - Бүгін журналистерге арналған семинар барысында «Электрондық коммерция орталығының» мамандары «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі негізінде өткізілген конкурс қорытындыларын жария етті.

2010 жылдың қорытындысы бойынша, Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі негізінде жүзеге асырылған электрондық пішімдегі конкурсқа қатысқан лоттардың ішінде өңдеуші өнеркәсіп өнімдері мемлекеттік мекемелер тарапынан ең үлкен сұранысқа ие екендігі белгілі болды.

Орталық мамандары мәлім еткендей, «Өңдеуші өнеркәсіп өнімдері» санаты бойынша 3,5 млн лот сатып алынған. 200 мыңға жуық лот ауыл, орман және балық шаруашылықтарына, 100 мыңнан астам лот ақпарат пен байланыс қызметіне тиесілі болған. Жаппай және бөлшек сауда қызметіне қатысты лоттар 80 мыңды құраған.

Орталық мамандарының пікірі бойынша, мемлекеттік мекемелердің сұранысы мен тапсырысына бақылау жүргізу отандық кәсіпкерлерге конкурсқа қатыстырылатын тауар мен өнім ұсынысын жоспарлау ісінде септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар