Өңдеу өнеркәсібінен салық түсімдерінің көлемі 3 есеге артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өңдеу өнеркәсібінен салық түсімдерінің көлемі 3 есеге артты. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустрияландыруды дамытудың 10 жылы ішінде өңдеу өнеркәсібінен түсетін салық түсімдерінің көлемі 2009 жылғы 432 млрд теңгеден 2019 жылдың 9 айында 1 015 млрд теңгеге дейін және өндіріс көлемі үш есе артты. Күнделікті жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде айтарлықтай оң нәтиже байқалады», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, өткен жылдың ішінде ғана негізгі капиталға 994 млрд теңге мөлшерінде инвестиция тартылған. Ал өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 11,2 трлн теңгеге жетіп отыр.

«Өңдеу өнеркәсібіндегі кейбір сандық көрсеткіштердің төмен өсіміне, сонымен қатар олардың төмендеуіне бірқатар объективті себептердің ықпал еткендігін атап өткен орынды. Айталық, өндіру өсімінің төмен қарқыны жалпы қосылған құнның нақты көлем индексінің өсім қарқынының жоспардан асып түскеніне қарамастан өңдеуші секторда жұмыспен қамтылғандар санының артуымен байланысты», -деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар