Ондай шешімді қабылдауға дайынбыз - Ердоған сайлаудың екінші турын өткізу жайында

None
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияда 14 мамырда өткен президент және парламент сайлауы демократия мейрамына айналды. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған дүйсенбіге қараған түні Анкарада Әділет және даму партиясының (ӘДП) орталық кеңсесі жанына жиналған жерлестеріне арнаған сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия басшысының айтуынша, дауыс берудің алдын ала қорытындысы ӘДП мен оның кандидатының елдегі басқа саяси күштерден әлдеқайда озғанын көрсетіп отыр.

«Сайлаудағы көрсеткіштерге қарамастан басты жеңімпаз - Түркия және оның халқы. 14 мамырдағы сайлау - еліміздің сайлау тарихында халық ең жоғары белсенділік танытқан науқанның бірі болды. Бүкіл саяси қызметімізде халықтың қалауына құрметпен қарадық. Біз осы сайлауда да, одан кейінгі барлық сайлауда да дауыс берушілердің пікіріне құрметпен қараймыз. Дауыс бойынша айырмашылық - шамамен 2,6 млн. Соңғы нәтиже бұл алшақтықты тағы арттырды. Сондықтан біз бірінші турда (президент сайлауының) жеңіске жету мүмкіндігіне әлі де сенеміз. Егер халық екінші турдың пайдасына таңдау жасаған болса, онда біз бұл шешімді қабылдауға дайынбыз», - деді Түркия басшысы.

Ердоған президент сайлауында оның кандидатурасын қолдаған 27 млн сайлаушының әрқайсысына ризашылығын білдірді.

«Сонымен қатар сайлауға келген 56 млн сайлаушыға алғысымды айтамын», - деп атап өтті саясаткер.

Президент Ердоған Түркия парламентіне сайлауда құрамына ӘДП кіретін «Халық Одағының» көпшілік дауысқа ие екенін атап өтті.

Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте, яғни Астана уақытымен 08:30-да үш үміткер - Режеп Тайып Ердоған - 49,34%, Кемал Қылышдароғлы - 45%, Синан Оған - 5,24% дауыс жинады.

Бүкіл бюллетеньдердің 98,22 пайызы саналып үлгерді.

Сайлау нәтижесі жайлы тікелей эфирді төмендегі Twitter парақшадан тамашалауға болады.


Соңғы жаңалықтар