+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Ондай қоңыраулардың болғанын жасырмаймыз – Абаев шенеуніктердің БАҚ-қа қысымы жайлы

2019 жылғы 23 тамыз 16:15
Бөлісіңіз:
Ондай қоңыраулардың болғанын жасырмаймыз – Абаев шенеуніктердің БАҚ-қа қысымы жайлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасының БАҚ пен шенеуніктер арасындағы қатынастарына қатысты сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Фермерлердің наразылығын көрсеткен БАҚ мәселенің шешілгенін айтпады – Абаев Ақпарат министрі қазақстандықтардың көлік жүргізу мәдениеті туралы айтты Ресей мен Украина шиеленісі Қазақстанға тиімсіз – Дәурен Абаев

«Телефон қоңыраулары» туралы: біз белгілі бір талдау жұмыстарын жүргіземіз. Бас редакторлармен бәлкім бірігіп, қанша қоңыраудың келгенін айқындау керек болар. Біз мұндай жағдайлардың қалайда болғанын жасырмаймыз. Десе де, қоңыраулардың көбі мемлеке т тік органдардың позициясын түсіндіруге қатысты болғанына шүбә келтірмеймін. Демек, кейде журналистер кемшілікке немесе қателікке жол беруі мүмкін. Тиісінше, мемлекеттік органдар оларға хабарласып, түсіндіруі, пысықтауы ықтимал. Елбасы да, Мемлекет басшысы да атап өткендей, біздің елдің дамуы еркін БАҚ-сыз мүмкін емес. Дәл тілшілер – мемлекеттік органдар назар аударуы тиіс мәселелерді меңзейтін мамандар болып саналады», - деді Дәурен Абаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске сала кетсек, шенеуніктердің БАҚ редакторларына қысым көрсететінін « Nur Otan « партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткен болатын.

«Дәстүрлі БАҚ позициясынан айырылып барады. Дәурен Абаев осы мәселе бойынша ойланып, жұмыс жүргізуі керек. Телефондық құқық болмауы тиіс. Шенеуніктер редакторларға қысым көрсетеді. Әртүрлі жолдармен сыни материалдардың жолын кеседі. Осыдан кейін қоғамдық санада балама шынайылық қалыптасады. «Nur Otan» сол себепті, өзінің ақпараттық стратегиясын қайта қарауы керек. Партиялық БАҚ шынайы әрі жедел ақпараттың көзіне айналып, оза жұмыс жүргізуі тиіс. Ең дарынды адамдарды тартып, тиісті айлық төленуі керек», - деді Елбасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT