Оңдасын Оразалин праймеризге қатысқан үміткерлерге дауыс берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалин онлайн түрінде үміткерлерге дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған партияішілік сайлау - праймериздің қоғамдағы алар орны ерекше екенін айтып өткен аймақ басшысы үміткерлердің барлығына сәттілік тіледі.

«Облыста 30 мыңнан астам партия мүшесі болса, қазіргі таңда 20 мыңы таңдауын жасап, дауыс берген. Праймериздің ерекшелігі сол елдегі әртүрлі проблемаға үлкен жанашырлықпен қарайтын өз ортамызда жүрген азаматтарды іріктесек, оған тек партия мүшелері ғана емес, қоғамға өзгеріс жасауға ниетті әрбір азаматқа да мүмкіншілік берілді. Бүгін партияның облыстық филиалы төрағасы ретінде тізімдегі азаматтарға түгел қолдау көрсеттім»,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.


«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұловтың айтуы бойынша праймеризге Ақтөбе облысынан 460 үміткер қатысты. Ал қала бойынша 138 үміткер бақ сынады. Олар партияластарымен бірге 5 мыңнан астам кездесу өткізген. Жария пікірсайыстарда түрлі мәселелер көтеріп, оңтайлы шешу жолдарын ұсынды.
Облыс бойынша 118 дауыс беру орны ашылды. Оның 76-сы онлайн форматта болса, 42 орын қағаз бюллетенімен дауыс беруге арналған.


Соңғы жаңалықтар