Оңдасын Оразалин қаладан ауданға қатынап жұмыс істейтін әкімдерге ескерту жасады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында тұрып, ауданға қатынап жұмыс істейтін әкімдер өңір басшысының сынына ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен мемлекеттік органдардың атқарушылық жұмыс тәртібі қаралды. Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауовтың айтуынша, осы жылдың 16 наурызынан 13 сәуіріне дейін әртүрлі мемлекеттік органдар 2 хаттаманың орындау мерзімдерін өткізіп алса, 5 хаттамалық нұсқау орындалмады. Мысалы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекет тарапынан қолдау және көмекке мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлқұжаттарды жинау тапсырмасые дұрыс орындай алмады. Басқарма басшысы Қайрат Отаров бүгінгі күнге дейін жұмыстың тек 21% орындалғанын мойындады.

«Өздеріңіз уақытты белгілеп, 18 наурызға дейін аяқтайтындарыңызды айттыңыздар. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз отбасыларды ғана емес, әлеуметтік паспорттарды жасау өте маңызды жұмыс. Болашақта әлеуметтік әл-ауқатты жақсарту және тиімді жұмыс істеу үшін облыста тұратындардың барлығының әлеуметтік жағдайы туралы құжат болуы керек. Ал сіз бастапқы базаны да жасай алмадыңыз. Өздеріңіз белгілеген мерзімге сай келмегендіктен, сіздің жоспарлауды немесе жұмыс істей алмайтыныңызды көрсетеді. Екеуі да жазалануға лайықты», - деді облыс әкімі О.Оразалин. Сондай-ақ білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары Ләззат Оразбаева мен Әсет Қалиевтің де жұмыстары сынға ұшырады. Олар басқаратын мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу туралы конкурстық құжаттаманы уақытында ұсынбаған. Осындай бұзушылықтар Ақтөбе қаласы әкімдігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде де жіберілген.

Өңір басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңдасын Оразалин өздерінің жауапты жұмыс орындарына Ақтөбеден қатынайтын аудан әкімдерін сын тезіне алды.

«Ақтөбеде тұрып, жұмысқа қатынайтын аудан әкімдері бар. Бұл тәжірибе дереу тоқтатылуы керек. Сізге белгілі бір елді мекендерді басқаруды сеніп тапсырдық, бұл сіз және сіздің отбасыңыз сол жерде тұру керек дегенді білдіреді. Әйтпесе, Сіз ауыл тұрғындарының нақты мәселелерін біле бермейсіз», - деп түсіндірді О.Оразалин.

Жиын Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына дайындықты қарастырумен жалғасты. Жүргізілген жұмыстар туралы Ілияс Испанов баяндады.

Баяндама қорытындысы бойынша облыс әкімі қала басшылығы жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандарды ашуға, мәдени, ойын-сауық іс-шараларын өткізуге ғана көңіл бөліп, қаланың абаттануы, тазалығы мен сырт келбеті туралы ұмытқанын атап өтті.

«Санитарлық тазалау, көшелерді жарықтандыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар нашар жүруде. Сондықтан Ақтөбе тұрғындары бұл туралы әлеуметтік желілерде жиі жазады. Жолдарды тазалайсыз - жиегін қалдырасыз. Ағаштарды бір жерде отырғызасыз, екіншісінде отайсыз, бүкіл қаланың ауасын шаң басты. Жолдардың жай-күйі, арықтардың жағдайы ешқандай сын көтермейді. Тіпті, сенбіліктер сияқты жақсы іс-шаралар да нашар жүргізілуде. Тазалаудан кейін тау боп қоқыс қалады, олар шығарылмайды. Сіздің орынбасарларыңыз мұның бәрімен айналысуы керек. Олардың жауапкершілігін қарастырыңыз», - деп тапсырды қала әкімі Ілияс Испановқа өңір басшысы Оңдасын Оразалин.

Соңғы жаңалықтар