+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Оңдасын Оразалин: Ақтөбедегі ең бірінші проблема – жол

2019 жылғы 18 қазан 16:21
Бөлісіңіз:
Оңдасын Оразалин: Ақтөбедегі ең бірінші проблема – жол

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының әкімі жол жөндеу жоспарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Автожолдарда көктайғақты болдырмаудың жаңа тәсілдері енгізілмек СҚО әкімі жолдарды жөндеуге берілетін кепілдікті 5 жылға дейін ұзартуды ұсынды Ақтөбелік белсенділер қала маңындағы ауылдарға жол салуды сұрады

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашевтің есебін тыңдады. 2020 жылы Ақтөбе қаласындағы Бөкенбай батыр көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Елек өзені арқылы өтетін көпір екі есегі кеңейетіні белгілі болды. Бұл жолдардың жобалық-сметалық құжаты әзірленеді.

«Жолдардың жай-күйінен толық хабардармын. Өңірде жол мәселесі бірінші кезектегі проблема болып отыр. Тегіс жолдарға қол жеткізу үшін жан-жақты әрі жүйелі жұмыс атқаруға кірістік. Түйткілді мәселе біртіндеп өз шешімін табарына сенімдімін», - деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Кейін өңір басшысы «Арлан» спорт кешенінің құрылысымен танысты. Мұнда күніне 400 адамның спортпен шұғылдануына толық мүмкіндік бар. . Шағын футбол, волейбол, баскетбол, таэквандо, дзюдо, би залдары, бассейн жұмыс жасайды.Оңдасын Оразалин дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаровқа көпшілік арасында жаппай спортпен шұғылдану насихатын күшейтіп, балаларды спортқа бейімдеуді тапсырды.

Аймақ басшысы облыстық тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту орталығының жұмысымен де танысты. Сегіз мультимедиялық оқу кабинетімен жабдықталған мекеменің Хромтау, Мәртөк, Қарғалы, Алға, Қобда Мұғалжар аудандарында бөлімдері жұмыс жасайды. Орталық басшысы Клара Серғазинаның айтуынша, жыл басынан бері мемлекеттік тілді 1445 азамат оқыса, ағылшын тілін 187 адам меңгерген. Сондай-ақ, латын графикасына көшу жұмыстары үшін 27 087 азаматтың қатысуымен 398 ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

«Тіл үйренуге құштар азаматтарға неғұрлым жеңіл, ұғынықты әдістеме қолданған дұрыс. Кейде дұрыс аударылмаған терминдер мен оқытушының біліксіздігі азаматтардың қызығушылығын жоғалтып жатады», - деді өңір басшысы.

Бұдан соң облыс әкімі «Қоныс» спорт кешенінде «Ақтөбе» баскетбол командасымен, команда басшысы Алмат Кенжеғұловпен және команданың бас жаттықтырушысы Арсен Телеуовпен кездесті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT