+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласын қалай толық газдандыратынын айтты

2019 жылғы 13 қараша 14:12
Бөлісіңіз:
Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласын қалай толық газдандыратынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бұқара-Орал» магистралінен Ақтөбе қаласына үшінші газ құбыры тартылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Жалпы, Ақтөбе қаласында газ тапшылығы байқалады. Шетелдік инвесторлар зауыт ашуға, басқа да кәсіпорындар салуға ынталанып отыр. Бірақ біз оларды электр қуатымен, газбен және басқа да инфрақұрылыммен қамтамасыз етуіміз керек. Қазіргі таңда Ақтөбенің өзінде газ жетіспеушілігі бар. Біз «инвестиция тартамыз, жұмыс орындарын құрып, зауыттар ашамыз» десек, әуелі газ мәселесін шешуіміз керек», - деді ол.

Оның атап өтуінше, осыған байланысты Ақтөбе қаласына «Бұқара-Орал» магистралінен үшінші газ құбырын салу мәселесі пысықталып жатыр.

«Бұл енді үлкен жоба. Кемінде 40 млрд теңгеге дейін қаржыны қажет етеді. Соған бір жағынан қызығушылық танытып отырған инвесторларды тартып, екінші жағынан Үкімет қолдауына ие боламыз деп отырмыз. Бұл қажет болса, бюджеттен де қаржыландыруға толық мүмкіншілік бар деген сөз. Дегенмен, бұл мәселені біз 2-3 жылдың ішінде шешуміз керек. Себебі инвестиция тартамыз десек, оған толық жағдай жасаған жөн», - деді О.Оразалин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT