Onda Cero: «Реал» Кейн үшін Бейл мен Майоральды береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа футболында жаңа трансферлік жарылыс болуы мүмкін. «Реал Мадрид» клубы 2018 жылғы трансфер кезінде Лондонның «Тоттенхэм» командасының шабуылшысы Харри Кейнді сатып алуға ниеттеніп отыр.

Осы мәселеде хабарласқан мадридтіктерге «Тоттенхэм» президенті Даниэль Леви форвард үшін төленетін сома 222 млн еуродан аз болмауы тиіс екенін жеткізді, деп хабарлайды Eurosport.

Испан радиосы Onda Cero бұл соманы «әлсірету» мақсатында Мадрид «Тоттенхэмге» Гарет Бейл мен жас шабуылшы Борха Майоральды қоса беруі мүмкін екенін айтады. Өйткені «шпорлар» Испания жастар құрамасының шабуылшысына біраздан бері қызығушылық танытып келеді.

Ал соңғы екі маусымда Англияның үздік шабуылшысы атанып жүрген Харри Кейннің Transfermarkt-тегі құны 60 млн еуро төңірегінде. Алайда қазіргі футболда ойыншының нақты трансферлік құнынан гөрі оның танымалдылығы көп рөл ойнайтыны тағы бар. 

Соңғы жаңалықтар