«Оңаймен» табысын жоғалтқан тасымалдаушылар сотқа жүгінуі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Оңай» жүйесіндегі ақаулардың кесірінен табысын жоғалтқан автопарк иелері «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС-ны сотқа беруі мүмкін. Бұл шиеленісті жағдайға қатысты  қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов пікірін білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, тасымалдаушылар Оңай жүйесінің жиі істен шығатынына наразы.

«Әкімдікте қала басшысының орынбасары Мұрат Дәрібаевтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Комиссия «Оңай» жүйесіндегі проблемаларды зерттеумен айналыспақ. Біз екі тараптың да уәжін тексеруіміз керек болды. Байқағанымыздай жұмыс істемейтін терминалдардың 50 пайызын жүргізушілер өздері қасақана өшіріп қояды, ал 50 пайызы көлік холдингінің техникалық жұмысының жеткіліксіздігінен екені анықталды. Көлік холдингі тарапынан техникалық ақау болмауы керек. Менің естуімше, Green Bus Batu Travel кәсіпорындары Көлік холдингін («Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС - авт.) сотқа бермек. Мен оларды қолдаймын. Себебі, олар соның кесірінен табыстан айырылды. Олар шығындарын талап етуге құқылы», - деді  Мақсұт Исахов.

Басқарма басшысы былтыр Көлік холдингі мен әкімдік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында диспетчерлендіру бойынша 4 жылға келісімшарт жасасқанын жеткізді.

«Сол құжатта оларға қандай айыппұл салынатыны әрі керісінше тасымалдаушыларға қандай айыппұл қарастырылғаны көрсетілген», - деді Исахов.

Соңғы жаңалықтар